САУДАГЕРЛЕРДІ ТЕРІС ДІНИ АҒЫМ УАҒЫЗДАРЫНАН САҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Өңірге танымал дінтанушы Ұлықбек Алиакбарұлы және Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімі дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Молдияр Бахтиярұлының қатысуымен Ақсукент ауылдық округінде орналасқан орталық базарда қызмет ететін саудагерлер мен тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – аудан тұрғындары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы тұрғындардың діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.

Кездесу барысында тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *