МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЖОЛЫНАН САҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Өңірге танымал дінтанушы Ұлықбек Алиакбарұлы және Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімі дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Молдияр Бахтиярұлының қатысуымен Сайрам ауданы “М.Махажанов ЖББМ” білім алатын оқушылар мен ұстаздар арасында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – аудан жастары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы келешек буынның діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.
Кездесу барысында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.