АУДАН ЖАСТАРЫН КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЖОЛЫНАН САҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Өңірге танымал дінтанушы Ұлықбек Алиакбарұлы және аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен Сайрам ауданы “№82 Б.Наметов” ЖББМ оқушылар және ұстаздары арасында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – аудан жастары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы келешек буынның діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.

Кездесу барысында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *