“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында семинар өтті
ҚМДБ, Түркістан облысы бойынша өкілдігі, Сайрам ауданында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің 2025 жылғы бағдарламалық баяндамасында бекітілген “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Түркістан облысы бойынша өкілдігі, Сайрам ауданының Мәдениет үйінде семинар болып өтті. Семинарға ҚМДБ “Дін мен дәстүр” бөлімінің меңгерушісі Есмағанбет Нұрбек Әуесханұлы, Облыс бас имамы Толепов Ержан Сматұлы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Есалиев Мұрат Мырзатайұлы және аудан бас имамдары, имамдар мен ақсақалдар қатысты. Семинар барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылғы бағдарлық баяндамасын талқылау және алда атқарар шаралар тізбегін түсіндірді. Биыл ҚМДБ құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы даталар мен атқаратын іс-шаралар бекітілген. Сонымен қатар, ауыл төбе билері мен зиялы қауым өкілдері пікірлерін білдіріп, қолдау білдіретінін айтты.