“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында “Шұғыла” дін мен дәстүр орталығы ашылды
ҚМДБ, Түркістан облысы бойынша өкілдігі, Сайрам ауданында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің 2025 жылғы бағдарлық баяндамасында бекітілген “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Түркістан облысы бойынша өкілдігі, Сайрам ауданында “Шұғыла” дін мен дәстүр орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, болашақ ұрпақтарымызға жеткізуге үлес қосу. Ашылу барысында қазақ ұлтының, еліміздегі мекендеп отырған ұлыстардың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Шараға ҚМДБ “Дін мен дәстүр” бөлімінің меңгерушісі Есмағанбет Нұрбек Әуесханұлы, Облыс бас имамы Толепов Ержан Сматұлы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Есалиев Мұрат Мырзатайұлы және облыстық “Әйел-қыздар” секторының меңгерушілері мен қала, аудандардағы сектор жетекшілері, әжелер, аналар, ұстаздар қатысты.